Баутино ауылындағы жағалаудан кефаль мен вобланың өлекселері табылды
Маңғыстау облысындағы Баутино ауылының жағалауында балықтардың жаппай қырылуытіркелді. деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода ондаған кефаль мен вобла өлексесі жағаға шығып қалғаны анық көрінеді. Жағдай экологиялық қауіптің белгісі болуы мүмкін.
Бейнекадрлардан өлген балықтардың теңіз толқынымен жағаға үйіліп қалғаны байқалады. Мамандардың айтуынша, мұндай көрініс судың ластануынан немесе экожүйенің бұзылуынан орын алуы мүмкін.
«Бұл – экологиялық тепе-теңдіктің бұзылғанының айғағы болуы ықтимал. Жағдайды арнайы талдау қажет», – дейді экологтар.
Баутино халқы қоршаған ортаны қорғау органдарынан нақты түсініктеме күтуде. Жағалаудағы иіс пен көрініс жергілікті жұрттың мазасын кетірген.
Маңғыстау облыстық Балық шаруашылығы басқармасының жануарлар дүниесін қорғау қызметі жағалауды аралап, алғашқы тексеріс жүргізгенін хабарлады.
Қазір жағдайға экология, ветеринария және санитария саласының сарапшылары тартылып жатыр. Су мен балықтан сынама алынған.
2023 және 2024 жылдары да Каспий теңізі жағалауында өлі балықтардың табылуы бірнеше рет тіркелген болатын. Ол кезде: