Мефедрон өндіретін ірі өндіріс орны жойылып, 11 келіден астам есірткі тәркіленді
Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан «Тұрарские дачи» тұрғын массивінен заңсыз нарколаборатория анықталды. деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан ІІМ жүргізген арнайы операция барысында Шу қаласынан Алматы облысына дейін бақыланатын жеткізу әдісімен қылмыстық схема ашылған.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, синтетикалық есірткі өндіру және тарату желісін көршілес елден келген екі азамат ұйымдастырған.
«Лабораторияда мефедрон, психотроптық заттар және прекурсорлар дайындалып жатқан. Қылмыстық ортаға келтірілген шығын көлемі – 17,5 миллион доллар», – делінген ІІМ хабарламасында.
Операция нәтижесінде:
Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Соңғы жылдары Қазақстанда мефедрон, альфа-PVP, синтетикалық каннабиноидтар сияқты жаңа психоактивті заттар (ЖПЗ) таралуда. Олар көбіне жасөспірімдер мен жастар арасында қолданылады және жылдам тәуелділікке алып келеді.
2024 жылғы ІІМ дерегінше, елде есірткіге қатысты 7 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Оның ішінде синтетикалық есірткі өндіруге қатысты істер 2 есеге артқан.