Астанада өткен әлемдік жарыста ел құрамасы 20 салмақтың 16-сында жүлде иеленді
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 30 маусым мен 6 шілде аралығында бокстан әлем Кубогының үшінші кезеңі өтті. Байрақты бәсекеге 30 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысып, ел намысын қорғаған қазақстандықтар жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық құрама 20 салмақ дәрежесінің 16-сында жүлдеге қол жеткізді. Ерлер мен әйелдер командасының нәтижесі төмендегідей:
Ерлер құрамасы:
Әйелдер құрамасы:
Бокстан әлем Кубогының финалдық кезеңі биыл 15–22 қараша аралығында Үндістанда өтеді. Бұл додада үздіктер арасындағы бәсеке одан әрі қыза түспек.
Қазақстан боксы – әлемдік аренада тұрақты табысқа жетіп жүрген спорт түрі. Соңғы жылдары ел құрамасы Олимпиада, әлем және Азия чемпионаттарында үздік нәтижелер көрсетіп келеді.
«Қазақстандық боксшылардың жеңісі – еліміздің спорттағы жүйелі дамуы мен бапкерлер еңбегінің нәтижесі», – деп атап өтті Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.