Онда танымал жұлдыздар мен театрлар өнер көрсетті
Астана күніне орай 6 шілде күні елордадағы барлық 6 ауданның тұрғындары үшін арнайы ұйымдастырылған концерттер өтті. Мерекелік шаралар қаланың әр бұрышында, тұрғын үй алаптарында өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ашық алаңдарда өткен іс-шараларға мәдениет басқармасына қарасты ұжымдар мен Қазақстан эстрадасының жұлдыздары қатысты. Олардың қатарында:
Концерттер әр ауданның тұрғын аудандарында бір мезетте ұйымдастырылды:
«Алматы» ауданы
«Байқоңыр» ауданы
«Нұра» ауданы
«Сарайшық» ауданы
«Сарыарқа» ауданы
Кешкі уақытта «Есіл» ауданында орналасқан «Жетісу» саябағында театрлық мини-спектакльдер ұсынылды. Бұл – астаналықтар мен қала қонақтарына арналған ерекше мәдени тарту болды.
«Мұндай кең ауқымды шаралар елорданың тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, қаланың мәдени келбетін байытады», – дейді ұйымдастырушылар.