6 шілдеде «Астана Арена» маңында көлік қозғалысы шектеледі

Автор: Дәулет Ботагөз

Ашық аспан астындағы концертке байланысты жол жабылады

Фото: fcastana.kz

6 шілдеде Астанада елорда күніне орай өтетін OPEN AIR концертіне байланысты «Астана Арена» маңындағы жолдарда көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Концерт барысында қонақтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында «Астана Арена» стадионы аумағында, атап айтқанда «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегінің жағынан көлік қозғалысы шектеледі», – делінген ресми хабарламада.

Елорда күніне арналған мерекелік концерттің бағдарламасы

  • Концерт 6 шілде күні сағат 18:00-де басталады.
  • Музыкалық шоу Ботаникалық бақ аумағында ашық аспан астында өтеді.
  •  Бұл шара елорда күнінің басты мерекелік оқиғаларының бірі болмақ.

Сахнада кімдер өнер көрсетеді?

Мерекелік кеште қазақстандық эстраданың танымал әртістері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. Атап айтқанда:

  • Қазыбек Құрайыш
  • Аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобы
  • Жастар сүйіп тыңдайтын 6elucci
  • Жанар Дұғалова
  • Әли Оқапов
  • Лимба
  • Атила
  • Аро
  • Жұбанаш Жексен
  • Назима
  • Ильхан
  • Тұрар.

Ұйымдастырушылар тұрғындарды көлік бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырады

Астана қаласының әкімдігі жүргізушілерге мерекелік күндері балама маршруттардықарастыруды және қоғамдық көлікпен қатынауды ұсынады.