Көрнекті режиссер Сламбек Тәуекел өмірден өтті

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол  77 жаста еді

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Белгілі режиссёр, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Сламбек Тәуекел 77 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасына көңіл айтып, ұлттық өнер мен руханиятқа қосқан зор үлесін атап өтті.

«Сламбек Тлеуқабылұлы – қазақ кинематографиясын дамытуға зор үлес қосқан көрнекті тұлға. Ол кәсіби режиссер, талантты сценарист әрі продюсер ретінде тарихи-көркем фильмдердің авторы болды. Ұлттық руханиятты жаңғыртуға, жас мамандарды тәрбиелеуге бар ғұмырын арнады», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Шығармашылық жолы мен мұрасы

  • Сламбек Тәукел 1948 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
  •  1971 жылы Мәскеудегі ВГИК-ті (Бүкілодақтық кинематография институтын) бітірген.
  • 1977 жылдан бастап – КСРО Кинематографистер одағының мүшесі.
  • Ұзақ жылдар бойы Қазақ ұлттық өнер университетінде ұстаздық еткен.

Ол түсірген фильмдердің қатарына:

  • «Батыр Баян»,
  •  «Наурыз»,
  • «Махамбет»,
  •  «Сәтбаев»,
  •  «Асанәлі»,
  • «Бір бала»,
  • «Жоғалған мекен» секілді тарихи және деректі картиналар енеді.

Ұлттық рух пен тарихты насихаттаған тұлға

Сламбек Тәуекелдің әр туындысы – қазақ халқының өткенін, рухын, болмысын танытатын киноэпопея. Оның фильмдерінде тарих пен тағдыр, батырлар мен ұлт ұстаздарының бейнесі ерекше шынайылықпен сомдалды.