Ел аумағында ауа райы құбылып, дауылды ескерту жариялануы мүмкін
6 шілде, жексенбі күні ел аумағында ауа райы құбылып, дауылды ескерту жариялануы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағына циклон мен атмосфералық фронттар әсер етеді. Соның салдарынан көптеген өңірде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады.
«Солтүстік пен шығыс өңірлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде күн күркіреп, жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді», – делінген синоптиктер мәліметінде.
Антициклон әсерінен оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа райы ыстық әрі құрғақ болады:
Синоптиктердің болжамынша, бірқатар облыста жоғары және өте жоғары өрт қаупі сақталады:
Жоғары өрт қаупі бар аймақтар:
Төтенше өрт қаупі бар өңірлер:
Мамандар азаматтарға күн көзінен қорғануға, жолда абай болуға, өрт қауіпсіздігін сақтауға кеңес береді.
Естеріңізге сала кетейік: 6 шілде – ел астанасының күніне арналған іс-шаралар өтетін күн. Ауа райының өзгеруі бұл бағдарламаларға әсер етуі мүмкін.