100 га жер қурап кетті ме? Министрлік су тапшылығы жайлы жауап берді

Автор: Дәулет Ботагөз

Ресми орган егін алқаптарының қурауына байланысты тараған ақпаратты жоққа шығарды

Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Алматы облысындағы Ақши ауылында 100 гектар егістік жер құрғап кетті деген ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Шын мәнінде, суармалы суды жеткізуге қатысты «Қазсушар» РМК-ның «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалымен келісімшарт жасалмағандықтан, тек 9 гектар жер ғана суарылмаған», – делінген министрлік таратқан ресми хабарламада.

Су бөгеттен беріледі

Министрлік мәліметінше, Ақши ауылына су су қоймасынан Оң жағалаулық магистралды канал арқылы жеткізіледі. Биылғы суару маусымы 16 мамырда басталған.

  • Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен келісімшарттар сәуір айының соңында ұсынылған
  • Мамырдың басында Қурты су қоймасындағы су көлемі 101,68 млн м³ болды
  • Қазіргі таңда:

– Оң жағалаулық канал арқылы – 3,6 млн м³ су жеткізілді

– Сол жағалаулық канал арқылы – 6 млн м³ астам су жеткізілген.

Болашақта кешігуді болдырмау үшін не істеу керек?

Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының басшысы Серік Мейрамбеков су тапшылығына жол бермеу үшін бірнеше маңызды ұсыныс айтты:

«Суару маусымы басталмай тұрып, суды жеткізу туралы келісімшарттарды алдын ала жасау қажет. Сонымен қатар каналдарды механикалық тазарту, тариф түсіндіру, селоаралық су арналарының жағдайын жақсарту және суды үнемді пайдалану туралы түсіндіру жұмыстары күшейтілуі тиіс», – деді ол.