Отшашу сағат 23:00-де атылады
6 шілде күні Астанада ауқымды отшашу көрсетілімі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Фейерверк шамамен сағат 23:00-де Ботаникалық бақ аумағынан атылмақ. Бұл концерттік OPEN AIR бағдарламасы аяқталған соң жүзеге асады», – делінген ресми хабарламада.
Астана күніне орай қалада 100-ден астам іс-шара жоспарланған, олардың қатарында:
Басты концерттік бағдарлама – Ботаникалық бақ маңындағы ашық алаңда өтеді.
«Астана күні – елорда тұрғындары мен қонақтары асыға күтетін күн. Биылғы мереке де ерекше форматта өтеді. Кештің көркін әдемі отшашу түйіндейді», – деп хабарлады Астана әкімдігі.
Азаматтарға отшашу кезінде қауіпсіз қашықтықты сақтап, балаларды бақылаусыз қалдырмауға кеңес беріледі. Қалалық полиция мен төтенше жағдайлар қызметі мереке күні кезекшілік тәртіпте жұмыс істейді.