Атырауда үш күнде екі бүлдіршін көлік астына түсті

Автор: Дәулет Ботагөз

Екі бала да ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді

Фото: Azattyq-ruhy

Атырауда соңғы үш күн ішінде екі бала жол-көлік оқиғасына тап болып, реанимацияға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап. Оқиғалардың екеуі де көпқабатты үйлер ауласында болған.

2 жасар баланы қағып кетті

2025 жылғы 2 шілде күні сағат 18:30 шамасында, Kia Sorento автокөлігін тізгіндеген 47 жастағы жүргізуші үй ауласында екі жасар баланы қағып кеткен. Салдарынан бүлдіршін ауыр жарақат алып, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.

Екінші жағдай 3 шілдеде болды

2025 жылғы 3 шілде, сағат 18:50-де, Lada Granta автокөлігін жүргізген 29 жастағы азаматбес жасар баланы басып кеткен. Бұл жолы да оқиға тұрғын үй ауласында тіркелді. Бала бірден жансақтау бөліміне жатқызылған.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, екі оқиға бойынша да ҚР ҚК 345-бабы аясында сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Оқиға мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысында сараптама тағайындалып, кінәлі тарапқа қатысты процессуалдық шешім қабылданады», – деді полиция өкілдері.