Жаңа ереже жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды
Қазақстанда онлайн-кредит рәсімдеуге қатысты жаңа шектеулер ұсынылды. Бұл бастаманы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі көтеріп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа нормалар банктер мен микроқаржылық ұйымдардың жұмысын бақылауды күшейту, алаяқтық схемаларды азайту және қазақстандықтардың борыш жүктемесін төмендету мақсатында әзірленген.
Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 2025 жылғы 18 шілдеге дейін жалғасады.
Агенттік ұсынып отырған жобада келесі өзгерістер қарастырылған:
Онлайн-кредитті кешіктіріп аудару
Бір күнде бірнеше микрокредит алуға тыйым
Алғаш рет несие алушылар тек банкке барады
Жас ерекшелігіне байланысты қосымша талап
Қаржы омбудсмені қазақ тілін білуі тиіс
Жобаға сәйкес, банктік және микроқаржылық омбудсмендер мемлекеттік тілді B2 деңгейінде меңгергенін ҚАЗТЕСТ сертификатымен растауы қажет.
«Мақсат – несие беру тәртібін қауіпсіз әрі ашық ету, борышқа батуды азайту және халықтың мүддесін қорғау», – делінген ҚНРДА хабарламасында.
Соңғы жылдары Қазақстанда онлайн несие алаяқтығы мен қайта-қайта несие алу жиілеп кеткен. Әсіресе егде жастағылар мен жастар алаяқтардың құрбанына айналып, қарыз жүктемесі артып отыр. Бұл өзгерістер осы олқылықтардың алдын алу үшін қолға алынған.