Қосымша тестілеу 8-10 шілде аралығында өтеді
Ұлттық тестілеу орталығы 4-6 шілде аралығында ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше 10-25 сәуір аралығында дәлелді себептер бойынша өтініш бермеген талапкерлерден 4-6 шілде аралығында негізгі ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылданады:
Өтініш пен растайтын құжаттарды (+ жеке куәлік) тестіленушілер uto@testcenter.kz электронды поштасына жолдау қажет. Тестілеу 8-10 шілдеде өтеді.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау 28 сәуірде аяқталды. Тестілеу 16 мамырда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады.