Сотталушы 7,5 млн теңге сомасын алған кезде ұсталған
Бүйрегін 20 млн теңгеге сатпақ болған ер адам рақымшылыққа ілікті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылдың сәуір айында сотталушы әлеуметтік желіге өзінің бір бүйрегін сататыны туралы хабарландыру жасаған.
«Ақтөбе қаласының тұрғынынан бүйректі сатып алуға ұсыныс келіп түсіп, сотталушы бүйрегін 20 млн теңгеге бағалап, медициналық тексерістен өту үшін Ақтөбе қаласына баруға келісім берген», - деп жазылған хабарламада.
Қажетті медициналық тексеруден өткеннен кейін сотталушы 7,5 млн теңге сомасын алған кезде ұсталған.
Ақтөбе қаласының №2 сотында ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі -116-бабының 1-бөлігі (адамның ағзалары мен тiндерiн заңсыз сатуға оқталу) бойынша қатысты қылмыстық іс қаралды.
«Сот отырысында сотталушы «А» кінәсін толық мойындап, рақымшылық актісі негізінде қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Прокурор өтінішхатты қанағаттандыруын сұрады», - деп хабарлады сот.
Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және іс бойынша басқа да дәлелдемелермен расталады.
Соттың қаулысымен сотталушы Қылмыстық кодекстің 78-бабының 1-бөлігінің, «ҚР Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2025 жылғы 23 маусымдағы заңының 2-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының негізінде рақымшылық жасау туралы актісіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Қылмыстық іс жүргізу Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 3) тармағының негізінде тоқтатылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетері, 2025 жылғы 23 маусымдағы «ҚР Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына сәйкес мына санаттағы адамдар қылмыстық жауаптылықтан босатылады: