Қазіргі уақытта заңсыз өсімдіктерге сараптама тағайындалып, тергеу жалғасып жатыр
Атырау облысында есірткі өсірумен айналысқан аудан тұрғыны анықталды. Полиция оның үйінен 16 келі қарасора тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Polisia.kz мәліметінше, Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Индер ауданының тұрғынын ұстаған.
Тінту барысында күдіктінің тұрғылықты мекенжайынан 16 келі қарасора өсімдігі табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта заңсыз өсімдіктерге сараптама тағайындалып, тергеу жалғасып жатыр.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі (есірткі құралдары мен өсімдіктерін заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-бөлігі және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен ғана дәлелденеді. Осыған байланысты өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.