Көріністі суретке түсірген – түркиялық фотограф Элькин Эскипехливан
Ақтаудағы «Даламен үндес баба өнері» фестивалінде түсірілген сурет әлемге танылды. Ұлыбританияның The Guardian басылымы оны күннің үздік фотосы ретінде жариялады. Бұл қазақ қолөнерінің көркем бейнесі жаһандық деңгейде бағаланғанын көрсетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығының хабарлауынша, Ақтауда өткен «Даламен үндес баба өнері» атты қолөнер фестивалінде түсірілген сурет The Guardian газетінің енген.
Көріністі суретке түсірген – түркиялық фотограф Элькин Эскипехливан. Оның кадры фестиваль шеңберінде шеберлер мен қолөнершілердің өнер сәтін шебер жеткізгені үшін таңдалып, редакциялық топтың назарына іліккен.
Бұл фотосурет The Guardian таңдаған әлемнің әр түкпірінен алынған үздік фотолар қатарында жарияланды. Мұндай халықаралық мойындау – Қазақстандағы дәстүрлі мәдениеттің терең мазмұны мен көркем бейнесінің бір дәлелі.
Фестивальге Қазақстанның әр өңірінен және шет елдерден келген шеберлер қатысты. Қонақтар дәстүрлі қолөнер бұйымдарын тамашалап, шеберлік сағаттарына қатысып, ұлттық бұйымдардың жасалу барысын өз көзімен көруге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрге негізделген мәдени бағдарлама мен жәрмеңке де ұйымдастырылды.