Қазақстан намысын қорғайтын боксшылар аталды
Бүгін Астанада бокстан Әлем кубогы кезеңінің кезекті жарыс күні өтеді. Бұл күні шаршы алаңда Қазақстан намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жекпе-жектер тек кешкі сессия аясында өтеді, ол сағат 19:00-де басталады. Қазақстан құрамасынан бүгін бес боксшы шаршы алаңға шығады.
65 келіге дейін, 1/4 финал
Аида Әбікеева – Кан Сукен (Оңтүстік Корея).
80 келіден жоғары, 1/2 финал
Елдана Тәліпова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан).
65 келіге дейін, 1/4 финал
Ертуған Зейнуллинов – Уго Грау (Франция).
90 келіге дейін, 1/4 финал
Сағындық Тоғамбай – Эмра Яшар (Түркия).
51 келіге дейін, 1/4 финал
Алуа Балқыбекова – Юна Нишинака (Жапония).