Тексеру кезінде жалған кедендік құжат пен жұмыс/қызмет көрсетілмеген шот-фактуралар анықталды
Алматы қаласының прокуратурасы жалған құжаттар арқылы тауар өткізумен айналысқан ұйымдасқан топтың қызметін тоқтатты. Залал көлемі 33 миллиард теңгеден асты. Күдіктілер түрлі мерзімге сотталды, мүлкі мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде бірқатар жалған кедендік құжат пен жұмыс/қызмет көрсетілмеген шот-фактуралар анықталды. Тауарлар кедендік шекара арқылы жалған сәйкестендіру құралдары арқылы өткізілген. Сонымен қатар, нақты орындалмаған жұмыстар мен көрсетілмеген қызметтер үшін жалған шоттар жазылған.
Аталған деректер бойынша бірнеше қылмыстық іс тіркеліп, «кеден саласындағы уәкілетті экономикалық операторлар» мәртебесі бар компаниялардың басшылары күдікті ретінде танылды. Олар ұйымдасқан қылмыстық әрекет аясында заңсыз операцияларды жүзеге асырған.
Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке келтірілген қаржылық залалдың жалпы сомасы 33 миллиард теңгеден асып кеткені анықталды. Бұл – аса ірі көлемдегі экономикалық шығын.
Соттың үкімімен айыпталушылар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мынандай баптар бойынша кінәлі деп танылды.
Оларға қатысты мүлкін тәркілей отырып, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды. Апелляциялық сот алғашқы үкімді күшінде қалдырды.