Бейжіңдегі тарихи матч: автономды роботтар алғаш рет футбол ойнады (ВИДЕО)
Оларды жасанды интеллект басқарды

Қытай астанасы Пекинде алғаш рет толықтай автономды футбол роботтары арасында ресми матч өтті. RoBoLeague турнирі аясында өткен бұл ойын әлемдік деңгейдегі алғашқы тәжірибе ретінде тарихқа енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Матчқа төрт команда қатысып, әрқайсысы 3×3 форматында кіші алаңда ойнады. Әрбір робот мынандай техникалармен жабдықталған:
- 120 кадр/сек жылдамдықтағы көпспектрлі камералармен;
- YOLOv7 нейрожелісімен (50 000 сағаттық ойын деректерімен оқытылған);
- гироскоптар және акселерометрлермен.
AlphaZero негізінде жасалған алгоритмдер футбол тактикасына бейімделіп, роботтар:
- Доптың орналасуын 20 метрден 90% дәлдікпен анықтап,
- Пас бағыттарын 85% нақтылықпен болжай алды.
Технологиялық жетістіктер:
- Лидарлар соққының траекториясын миллиметр дәлдікпен есептеді;
- Сервоприводтар пас беру мен күшті соққы жасауға мүмкіндік берді;
- Батарея қуаты 90 минутқа дейін ойнауға жетті;
Матч екі таймнан (әрқайсысы 10 минут) тұрды. Жанкүйерлер роботтардың қозғалысы әлі де біраз «қатқыл» екенін мойындағанымен, техникалық деңгейі таңдай қақтырарлық болды. Кейбір роботтар құлап қалса да, өздігінен тұра алды. Алайда екі «ойыншы» зақым алып, алаңнан шығарылды.
Турнирдің жеңімпазы — Цинхуа университетінің THU Robotics командасы, финалда 5:3 есебімен басым түсті. Бұл турнир 2025 жылғы 15-17 тамызда өтетін Дүниежүзілік гуманоидты роботтар ойындарының дайындығы ретінде ұйымдастырылды.
Мамандардың пікірінше, алдағы 5-10 жылда мұндай роботтар кәсіби спортшылармен бәсекеге түсе алуы мүмкін. Әзірге мұндай ойындар көрермендер үшін технологиялық шоу ғана емес, болашақ спорттың көрінісі саналады.