АҚШ-та 14 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады

Автор: Асыл Арман

Апаттың мән-жайы мен себептері нақтыланып жатыр

Фото: tl-ultralight.cz

АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Глостер округінде 2 шілде күні әуе апаты болды. Бортында кемінде 14 адам болған жеңіл моторлы ұшақ Уильямстаун қаласының әуежайы маңында құлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

FireHouse басылымының мәліметінше, кемінде бес адам жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Оқиға Астана уақытымен шамамен 18:30-да болған. Апаттың мән-жайы мен себептері нақтыланып жатыр.