Мұндай жағдайларда зиянды қоспалар ауада ұзақ сақталып, жер бетіндегі қабатта жиналады
Еліміздің бірқатар қаласында 3 шілде күні ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, сондай-ақ Астана мен Атырауда түнде ауа сапасының нашарлауына себеп болатын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжануда.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл ауадағы зиянды заттардың таралуына кедергі келтіретін табиғи құбылыстар. Оларға мыналар жатады:
Мұндай жағдайларда зиянды қоспалар ауада ұзақ сақталып, жер бетіндегі қабатта жиналады. Бұл әсіресе өнеркәсіптік аймақтарда және тығыз қоныстанған аудандарда ауа сапасының уақытша нашарлауына себеп болады.