Елімізде республикалық автожолдардың желісі – 25 мың шақырым, оның 4760 шақырымы – ақылы жолдар
Қазақстанның көлік жүргізушілері жыл басынан бері ақылы жолдар арқылы 32 млн астам рет жүріп өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, бұл көрсеткіштер еліміздегі сапалы жол инфрақұрылымына деген сұраныстың артуын және оның экономикалық дамудағы шешуші рөлін айқын көрсетеді
Естеріңізге сала өтейік, елімізде республикалық автожолдардың желісі 25 мың шақырым, оның 4760 шақырымы ақылы жолдар. Бүгінде елімізде 25 ақылы учаске бар (12 учаске - І техникалық санатта, 13 - ІІ және ІІІ техникалық санатта).
Төменде ақылы жолдар бойынша тізім ұсынылған:
Ақылы жолдар жылдам қозғалысты дамытып, қалалар мен көрші мемлекеттер арасындағы тұрақты байланысты нығайтып, сауда, туризм және өнеркәсіптің дамуына ықпал етеді.