Күдікті тасжолдағы көліктердің бірінен ұсталды
Түркістан облысында тәртіп сақшылары ірі көлемдегі синтетикалық есірткі айналымының жолын кесті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тексеру жұмысы «Қарасора-2025» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілген.
Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шымкент – Самара тас жолында жүрген Land Rover көлігін тоқтатқан.
Көлік салонын тексеру барысында Жамбыл облысының тұрғыны – жолаушыдан есірткіге ұқсас 30 орама табылған.
Сараптама нәтижесі бойынша, тәркіленген заттың жалпы салмағы 400 дозадан асатын синтетикалық есірткі екенін көрсетті.
Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы (Есірткі заттарын өткізу мақсатында сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті қамауға алынды, ал оқиғаның мән-жайын нақтылау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.