Қазақстанда аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті Грузияда ұсталды

Автор: Асыл Арман

Ол автонесие бойынша танысын алдап кеткен

Фото: pixabay

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Грузияда қолға түсті. Ол халықаралық іздеуде болған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдікті 13 млн теңге көлемінде алаяқтық жасаған

Тергеу мәліметінше, 2022 жылы күдікті өзінің танысын алаяқтық жолмен алдап, шамамен 13 миллион теңгеге автонесие рәсімдеуге көндірген. Қаражат қолға тиген соң, ол автокөлік сатып алып, өз міндеттемелерін орындамай, жасырынған.

Интерпол арқылы іздеу нәтижесінде қолға түсті

Қазақстан тарапының сұранысы бойынша, Интерпол жүйесі арқылы іздеу жарияланып, күдікті Грузия аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта оны елге қайтару бойынша процедуралар жүргізілуде.

ІІМ: Заңнан жалтарғандар жауапкершіліктен құтылмайды

ҚР Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында жазадан бұлтартпау қағидатын ұстанып, заңды белден басқан кез келген тұлға жауапқа тартылатынын атап өтті.