Тоқаев құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Канаданың генерал-губернаторын құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мейрам – Канада күніне орай генерал-губернатор Мэри Саймонға құттықтау жеделхатын жолдады.
Қазақстан президенті бұл айтулы дата Канада жұртшылығының ынтымақ-бірлігін көрсететінін, сондай-ақ мемлекеттің орнықты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуге берік негіз қалайтынын атап өтті.
Мемлекет басшысы генерал-губернатордың жауапты қызметіне табыс, ал Канада халқына бақ-береке тіледі.