«Стоп қылмыс» жедел алдын алу шарасы аясында полицейлер күдіктіні қолға түсірді
Астанада өткен «Стоп қылмыс» жедел-алдын алу шарасы барысында полицейлер 43 жастағы шетел азаматын ұстады. Ол халықаралық іздеуде жүрген. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Күдікті тұлғасын анықтау және тексеру үшін полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру нәтижесінде оның 2023 жылдың мамыр айынан бастап халықаралық іздеуде екені белгілі болды.
Оған тағылған айып – көлік құралын құжатсыз және жүргізу құқығынсыз басқару.
Аталған күдіктіге қатысты іздеуді бастаған – Армения Республикасының құқық қорғау органдары. Оларға Қазақстан тарапынан тиісті түрде ресми хабарлама жолданды.