Қосымша пойыз 2025 жылғы 4 шілде мен 2 қыркүйек аралығында қатынайды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаз мезгілінде жолаушылар ағынының артуына байланысты Актөбе – Астана (Нұрлы жол) бағыты бойынша №257/258 қосымша пойызын іске қосады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шешім батыс пен солтүстік өңірлер арасындағы көліктік қолжетімділікті арттыру мақсатында қабылданды.
Қосымша пойыз 2025 жылғы 4 шілде мен 2 қыркүйек аралығында келесі кесте бойынша қатынайды:
Актөбеден жөнелту:
Астанаға (Нұрлы жол) келу:
Астанадан кері жөнелту:
Актөбеге келу:
Пойызда не бар?
6 купе вагоны;
Барлық вагон кондиционерлермен жабдықталған, алыс қашықтыққа сапар шегу үшін ыңғайлы жағдайлар жасалған. Пойыз бір бағытта 500-ден астам жолаушыны тасымалдай алады.
Билеттерді келесі жолдармен сатып алуға болады:
Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне тегін қоңырау шалуға болады.