Ауруханаға жеткізілген бала аман қалды
Атырау қаласында 10 жасар бала лифт шахтасына құлап кетті. Оқиға кезінде ол велосипедін лифтке кіргізуге тырысқан. Алайда лифт есігі кенеттен жабылып, велосипед есік арасында қысылып қалып, баланы бірге іліп әкетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Лифт кабинасы жоғары қозғалғанда, велосипедпен қоса баланы да іліп әкеткен. Бала кабинадан ұсталып тұрғанмен, қолы тайып, шахтаға құлап кеткен.
Желідегі мәліметтерге сүйенсек, жедел түрде ауруханаға жеткізілген оқушы ауыр жарақаттан аман қалған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
Оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Ал тұрғындар лифттің техникалық жағдайына жауапты басқарушы компанияны жауапкершілікке тартуды талап етуде.