«Халықтан жасыратын ешнәрсе қалған жоқ»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі отбасындағы жағдайды айтты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Желіде Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйел алғаны туралы сыбыс тарады

Фото: instagram/moldir.mt

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова отбасындағы құпия сыртқа шығып кеткені туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әзілкештің жұбайы журналист Анна Данченкоға сұхбат беріп отырып, отбасындағы құпия жағдай туралы ой бөлісті.

«Сөздің шыны керек, қазір халықтан жасыратын ешнәрсе қалған жоқ. Отбасымызда болып жатқан жағдайды жігітімнің абыройы үшін деп сабырлық сақтап келіп едік, халықтың арасына шығып кетті», - дейді Мөлдір Мұқанова.

Айта кетейік, осыған дейін Тұрсынбек Қабатовтың тоқал алғаны туралы сыбыс тарағаны хабарланған болатын.