Қазақстан турнирде командалық есепте екінші орынды иеленді
Түркияның Коджаэли қаласында өткен еркін күрестен Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде 5 спортшымыз жүлделі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұғырға көтерілген балуандар:
Нұрқожа финалда Рамазан Рамазановтан (Болгария), Ризабек Ахмед Магомаевтан (Болгария) басым түсті. Ал ақтық сында Азамат Дәулетбеков Әли Цокаевқа (Әзірбайжан), Начын жарыс қожайыны Хайдар Ювузға, Әлішер Мохсен Мансұр Сиярға (Германия) есе жіберді.
Ұлттық құрама турнирде 2-орын алды.
Командалық есеп:
1-орын: Түркия
2-орын: Қазақстан
3-орын: Болгария