Ол туыстарымен бірнеше күн бойы хабарласпаған
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласында бірнеше күн бойы туыстарымен байланысқа шықпаған 1959 жылы туған әйел құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жақындары оның жағдайына алаңдап, құтқару қызметіне жүгінген. Оқиға орнына келген құтқарушылар саты арқылы балконға көтеріліп, терезе арқылы пәтерге кірді.
«Әйел әлсіз күйде жатқан жерінен табылып, дереу жедел жәрдем шақырылды», - деп жазылған Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол ауруханаға жеткізілді.
ТЖМ қызметкерлері төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалу қажеттігін еске салды.