Әнші ойын астарлап жеткізген, нақты не айтқысы келгені жұмбақ күйінде қалып отыр
Сахнадан кететінін мәлімдеген әнші Төреғали Төреәлі желіде тағы да жазба қалдырып, жұртты ойландырып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қарапайым нәрселерде — терең шындық бар. Күннің иісі. Бала күлкісі. Қара нан. Музыкасыз күн. Дауыссыз таң. Сондай кезде жүрек қайта тыныс алады», - деп жазды әртіс Instagram парақшасында.
Еске сала кетейік, кеше Төреғали Төреәлі аяқ астынан ешкім күтпеген мәлімдеме жасап, сахнадан кететінін мәлімдеген болатын.
«Болды. Мен бәрін тоқтаттым. Сахна. Камера. Ән. Жарық. Келесі қадам – үнсіз», - деді Төреғали Төреәлі.