Қазақстанда қылмыстық жауапкершіліктен жалтарғандарды іздеу жалғасып жатыр
Қазақстан Ішкі істер министрлігі мамыр айында 140-тан астам қылмыстық жауапкершіліктен жасырынған тұлғаны ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, іздестіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, қылмыстық істер бойынша күдіктілер мен соттан қашқандарды анықтауға басымдық беріліп жатыр.
Алматыда Түркістан облысының екі тұрғыны ұсталды. Тергеу мәліметінше, олар Арыс ауданында жергілікті тұрғынға күш қолданып, 3,4 миллион теңге мен жеңіл автокөлік талап еткен.
«Олар жәбірленушіні қорқытып, мүлкін заңсыз иеленбек болған. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр», – деді ІІМ өкілдері.
2022 жылдың соңында Тараз тұрғыны танысының сенімін пайдаланып, төрт автокөліктіиемденген. Жалпы сомасы 24 миллион теңгеден астам болған көліктерді кейін басқа адамдарға сатқан.
Күдікті Ташкент қаласында ұсталып, Қазақстанға қайтарылды. Бұл операция Қазақстан ІІМ мен Өзбекстан ІІМ-нің бірлескен әрекетімен жүзеге асты.
ІІМ бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргізілетінін және ведомствоның ерекше бақылауында екенін атап өтті.
«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ІІМ үшін басым бағыт», – деп көрсетті министрлік.