Еліміздің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр болады
30 маусым, дүйсенбі күні Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз сипатқа ие болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметке сәйкес, еліміздің солтүстігі, орталығы және шығысында нөсер жауын мен найзағай күтіледі. Жекелеген өңірлерде бұршақ жаууы ықтимал.
«Қазақстан аумағында циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалымен жаңбыр жауады. Елдің солтүстігі, шығысы мен орталығында жауын-шашын мол болады», – делінген синоптиктер хабарламасында.
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен, бұл аймақтарда құрғақ жел мен шаңды дауыл көтерілу қаупі бар.
30 маусым күні республиканың бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары болады.«Қазгидромет» бұл аймақтар бойынша алдын ала ескерту жариялады:
Жоғары өрт қаупі сақталатын өңірлер:
Төтенше өрт қаупі болжанған аймақтар: