Прокуратура заңбұзушылықтар анықтады
Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектігі бар адамдардан заңсыз салық ұсталуы фактісі тіркелді. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2023–2024 жылдары Ақжар, Есіл, Мамлют, Тайынша, Ғабит Мүсірепов және Шал ақын аудандарында 366 қызметкерден жалпы сомасы 16,9 млн теңге жеке табыс салығы (ЖТС) заңсыз ұсталған. Бұл азаматтар Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес аталған салық түрінен босатылған.
Есіл ауданының білім бөлімі мүгедектігі бар балалардың 24 заңды өкілінен де ЖТС заңсыз ұстаған. Мұндай әрекеттердің салдарынан 1,7 млн теңге көлемінде залал келген.
Прокурорлық тексерістен кейін:
«Әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау – облыс прокуратурасының ерекше бақылауында», – делінген ресми хабарламада.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, мүгедектігі бар адамдар:
Алайда, тәжірибеде бұл жеңілдіктер жүйелі түрде бұзылып келеді.