Ақмола облысында жас ананың мәйіті табылды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оқыс оқиға Ақмола облысының Бұланды ауданында болды

Фото: Azattyq Rýhy

Ақмола облысында қайғылы жағдай орын алды. Жас ана өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 26 маусымда болды

Оқиға 26 маусым күні Ақмола облысының Бұланды ауданында тіркелді.

Полиция мәліметінше, жас әйел үйде ешкім болмаған кезде өз-өзіне қол жұмсап, асылып қалған.

Марқұмның денесін үйдің ауласындағы шаруашылық құрылыстан туыстары тапқан.

Құқық қорғау органдары тергеу жүргізуде

Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталуда. Қосымша ақпарат тергеу аяқталған соң ұсынылады», – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.