«Жалын» мектебінің 11-сынып оқушысы тарихи академиялық жетістікке қол жеткізді
Шымкентте «Жалын» мектебінің 11-сынып оқушысы Бергей Өмірбай қаржы мамандығы бойынша әлемнің 47 университетінен ресми шақырту алды. Ұсынылған гранттар мен стипендиялардың жалпы құны 979 000 долларды құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шымкент қалалық білім басқармасының мәліметінше, Бергейді шақырған жоғары оқу орындарының қатарында АҚШ, Еуропа және Азияның бірқатар беделді университеті бар. Атап айтқанда:
Бергейдің сүйікті пәндері – математика және ағылшын тілі. Бұл пәндер оның логикалық және коммуникативтік ойлау қабілетін дамытты, болашақ қаржы саласындағы мансабына берік негіз қалады.
Сонымен қатар ол қытай және түрік тілдерін меңгеріп жатыр, әртүрлі мәдениеттерге қызығушылық танытып, өзін жан-жақты дамытып келеді.
«Бұл жетістігіме мектебімнің, ұстаздарымның және кәсіби бағыт-бағдар берген мамандардың қосқан үлесі зор», – дейді Бергей Өмірбай.