Қазақстанға қай елдердің ЖОО-лары келетіні анықталды
Қазақстанда 2025 жылдың соңына дейін 10 шетелдік жоғары оқу орнының жаңа филиалы ашылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылы 11 шетелдік университеттің филиалы ашылды. 2025 жылға тағы 10 филиал ашу жоспарланған. Қазақстандағы шетелдік студенттердің саны бүгінде 30 мың адамға жетті. Сонымен қатар, өткен жылы студенттердің шәкіртақысы екі есе көбейіп, білім беру гранттарының саны 7%-ға артты», – деді Үкіметтің баспасөз қызметі.
Ғылым және жоғары білім министрлігі жетекші университеттерді Қазақстанға тарту бағытында белсенді жұмыс істеуде.
Министр Саясат Нұрбектің айтуынша, келесі жоғары оқу орындарының кампустары мен филиалдарын ашу процесі басталды:
Қазақстан үкіметі мен министрлік шетелдік білім беру тәжірибесін жергілікті жүйеге енгізуге, жастардың шетелге кетуін азайтуға, отандық жоғары білімнің тартымдылығын арттыруға күш салып отыр.