Жанар Айжанованың қызы мен күйеу баласы ата-ана болатынын жария етті (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Олардың тойы шоу-бизнестегі шулы тойлардың бірі болды 

Фото: видеодан скриншот

Жақында үйлену тойлары өткен Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкке Қағаров ата-ана болатынын жария етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Сені күтеміз, балапан», -  деп жазған олар әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров сәуір айында заңды некеге тұрғанын әлеуметтік желі арқылы жариялаған болатын. Бұл жаңалық жанкүйерлер мен желі қолданушылары тарапынан жылы қабылданды. Кейін олар қазақтың дәстүрімен сырға салып, құда түсіп, той жасады.