Оның үйінен екі килодан асатын есірткі табылған
Астанада әйел адам психотроптық заттардың аналогын – мефедронды аса ірі көлемде заңсыз дайындап, сақтағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соттың мәліметінше, 2024 жылдың тамызында Астана қаласында тұратын П. есімді азаматша Telegram мессенджері арқылы белгісіз бір адаммен – куратор деп танылған тұлғамен қылмыстық сөз байласқан. Мақсат – елорда аумағында мефедрон есірткі затына ұқсас психотроптық заттарды дайындап, сатуға арналған нарколаборатория құру болған.
Кейін П. жалдамалы үйде мефедронның аналогын заңсыз түрде дайындап, сату мақсатында сақтаған. Сараптама қорытындысы бойынша алынған заттың жалпы салмағы 2021,31 граммды құраған.
Сотталушының кінәсі келесі дәлелдермен бекітілді:
ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 1 және 3-тармақтарына сәйкес, мұндай қылмыс үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу қарастырылған.
Прокурор соттан П.-ны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда сот айыпталушының кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінгенін жауапкершілікті жеңілдететін жағдай ретінде ескеріп, 11 жыл мерзім тағайындады. Қылмысты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Соттың шешімімен П. есімді азаматша аса ірі көлемде психотроптық заттардың аналогын дайындап, сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.