Жетісу облысында 8 ауыл ішімдік пен темекі сатудан түбегейлі бас тартты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Қазір мұнда қылмыс деңгейі күрт төмендеген

Фото: Видеодан скрин

Жетісу облысының Қаратал ауданына қарасты Айтөби ауылдық округінің Көкпекті ауылы ішімдік пен темекі өнімдерін сатдан толықтай бас тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көкпекті – облыс көлемінде зиянды өнімдерден бас тартқан 8 ауылдың бірі. Бұл шешімді ауыл тұрғындары 4 жыл бұрын бір ауыздан қабылдаған. Содан бері ауыл дүкендерінде алкоголь мен темекі мүлде сатылмайды.

Облыстық Полиция департаметінің мәліметінше, мұндай игі бастаманың оң нәтижесі көп күттірген жоқ – ауылдағы қылмыс деңгейі күрт төмендеді, қоғамдық тәртіп пен тыныштық орнықты.