Өскеменде бірнеше көлікті қасақана соққан жүргізуші ұсталды

Автор: Асыл Арман

Тәртіп бұзушы 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты

Фото: Видеодан скрин

Өскемен қаласының Космическая көшесінде тұрған көліктерді қасақана соққан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдікті – 31 жастағы жергілікті тұрғын

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп бұзушы 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Желіде тараған видео жұрттың наразылығын тудырды

Оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, онда жеңіл көлік жүргізушісінің тұрақта тұрған көліктерді қасақана соғып жатқаны бейнеленген.

Желі қолданушылары жүргізуші есірткілік масаң күйде болған болуы мүмкін деген болжам жасады.