Жамбыл облысында бір донордан бірнеше ағза сәтті алынды
Жамбыл облысында ми өлімі тіркелген пациенттен жүрек, бауыр және бүйрек сияқты өмірлік маңызды ағзалар сәтті алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осы күрделі әрі жоғары технологиялы операция ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің трансплантацияны үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының және ЖТМҚ (Ұлттық үйлестіруші) үйлестіруімен, сондай-ақ Жамбыл көпбейінді облыстық ауруханасының кәсіби мамандарының үйлесімді жұмысы арқылы іске асты.
Операцияға төмендегі ұйымдар қатысты:
Мамандардың кәсібилігі мен өзара іс-қимылының жоғары деңгейі арқасында ағзалар дер кезінде қажетті пациенттерге жеткізілді.
Науқас ми қан айналымының жіті бұзылуы және миға қан құйылу диагнозымен ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Үшінші күні дәрігерлер мидың өлімін тіркеді.
Барлық заңды рәсім орындалғаннан кейін марқұмның туыстары ағзаларын басқа адамдарға беру туралы шешім қабылдады.
Жүрек – Шымкент қаласына шұғыл түрде жеткізіліп, жас пациентке салынды;
Көп ағзалық трансплантация – бұл қайтыс болған бір донордан бірнеше ағзаны бірден алып, әртүрлі науқастарға салу рәсімі. Ол медициналық мекемелер мен авиацияның жоғары деңгейде үйлесімді жұмысын қажет етеді.