Түлектер білім грантына қашан құжат тапсыра алады: ресми мәлімет жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ұлттық тестілеу орталығы ресми мәлімдеме жасады

Фото: istockphoto.com

Қазақстандық талапкерлерге арналған маңызды ақпарат жарияланды. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, грант конкурсына құжат қабылдау 13-20 шілде аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құжаттарды қабылдау онлайн да, офлайн да өтеді

Құжаттар екі түрлі форматта қабылданады:

  • Офлайн – жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы;
  • Онлайн – eGov.kz порталы арқылы.

Грант конкурсына қатысу үшін қандай құжаттар қажет?

Талапкерлер төмендегі құжаттарды дайындауы тиіс:

  • Жеке куәлік;
  • ҰБТ сертификаты;
  • 3х4 көлеміндегі фотосурет;
  • Орта білімі туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
  • Әлеуметтік жеңілдік санаты бойынша қатысуға арналған растайтын құжаттар;
  • B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы.

Қосымша ақпарат қайдан алуға болады?

Қосымша мәліметтер мен кеңестер алу үшін әрбір ЖОО-ның қабылдау комиссиясына жүгінуге болады.