Жаңбырлы күндер келе жатыр – алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

Автор: Асыл Арман

Синоптиктер болжамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синпотиктердің болжамынша, Қазақстан аумағына кезекті солтүстік-батыс циклоны жылжып келеді, ол тұрақсыз ауа райын тудырады.

Алдағы күндері найзағайлы жаңбыр, екпінді жел күтіледі, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында бұршақ пен дауылмен бірге қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

«Республиканың басым бөлігінде ауа температурасының күрт өзгерісі күтілмейді: күндіз батыста, солтүстікте және шығыста +18…+28°C, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +28…+38°C болады деп күтіледі», - делінген синоптиктер болжамында.