Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасы ұсынылды
Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2023 жылғы 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында мемлекет басшылары бұл хаттамаға қол қойған болатын.
Электрондық сауданы реттейтін негізгі өзгерістер
Хаттама аясында Кеден кодексіне келесі жаңалықтар енгізу қарастырылған:
«Қазіргі таңда бұл тауарлар жеке тұтынуға арналған деп танылып, тек еркін кіргізу нормасынан асқан жағдайда ғана декларацияланады. Осы себепті олар ресми сауда статистикасына енгізілмейді. Сонымен бірге, еркін кіргізу нормасынан асқан жағдайда декларацияланады. 250 еуро, 35 келі шектеу»,- дейді Серік Жұманғарин.
Статистиканы нақтылаудың маңыздылығы
Электрондық сауда тауарларын толық көлемде декларациялау арқылы шетелдік интернет-платформалардансатып алынатын өнімдер туралы нақты және толық статистика жасақталады. Бұл өз кезегінде елдің сыртқы сауда айналымы көрсеткіштерінің нақтылығын арттырады.
Ратификацияның заңдық негізі
Қазақстан Республикасының «Халықаралық шарттары туралы» Заңына сәйкес, ЕАЭО аясындағы бұл хаттама ратификациялануға жатады.