Байзақ ауданының тұрғыны ұсталды
Байзақ ауданы прокуратурасының үйлестіруімен Жамбыл облысы ПД-нің Есірткі қылмысымен күрес басқармасы ауданның 51 жастағы тұрғынын аса ірі көлемде есірткі сақтады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күдіктінің үйін тінту кезінде салмағы 15 келіден асатын марихуана табылып, тәркіленді. Бұл есірткі затын аса ірі көлемде сақтау мен тарату мақсатында ұстағаны анықталды.
Қылмыстық іс тергеп-тексеру нәтижесімен сотқа жолданды. 2025 жылғы 10 маусымдағы үкімімен, күдікті Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 3) тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.