Оның көлігі қазір айып тұрағына қойылды
Ақтөбеде жол қозғалысы ережелерін үнемі бұзып, айналасындағылардың өміріне қауіп төндірген жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Патрульдік полиция қызметкерлері шетелдік нөмір таққан Toyota автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізуші соңғы екі айдың ішінде 131 рет жол ережесін бұзғаны анықталған.
Жүргізушінің жасаған заңбұзушылықтарының қатарына:
Аталған көлік айыптұраққа қойылды. Қазіргі таңда жүргізушінің құқық бұзушылықтары бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Жүргізушіге салынған айыппұлдардың жалпы сомасы – 3,5 миллион теңге. Енді ол бұл соманы толық өтеуі тиіс.