Ол желіде заңсыз құмар ойын ұйымдастырған
Астана тұрғыны Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы заңсыз түрде «Бинго» ойынын өткізген. Оның материалдық пайда табу және заңсыз жолмен баю мақсатында жасағаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ойын шарттарына сәйкес, қатысушылар әртүрлі мөлшерде ақша бәс тіккен. Жеңімпаз тікелей эфир барысында анықталып, оған ұтыс телефон нөмірі арқылы жіберілген.
Анықталғандай, бұл қылмыстық әрекеттің нәтижесінде сотталушы 90,6 миллион теңге заңсыз табыс тапқан.
Мемлекеттік айыптаушы сотқа сотталушының кінәсін дәлелдейтін жеткілікті дәлелдер ұсынды. Сот бұл айғақтарды негізге ала отырып, шешім шығарды.
Сот үкімімен азамат 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.