22 жастағы тәртіп сақшысының өлімі расталды
БҚО-да полиция қызметкерінің мәйіті өз ауласынан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
22 жастағы тәртіп сақшысының өлімін облыстық Полиция департаменті растап, қылмыстық іс қозғады.
«Ер адамның өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», - делінген облыстық Полиция департаменті хабарламасында.