Оқиға Береке ықшамауданында болды
Атырау қаласының Береке ықшамауданындағы №30 үйдің подъезінде лифт күтіп тұрған қыз баланы жас жігіт соққыға жығып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан ер адамның қыз баланы бірнеше рет басынан ұрып, теуіп жатқанын көруге болады. Соққыдан кейін қыз жерге құлап түседі.
Шуды естіп шыққан көршілердің бірі араласып, ер адамды тоқтатуға көмектескен. Осыдан кейін ер адам оқиға орнынан кетіп қалған.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы нақтылану үстінде. Құқық қорғау органдары бейнематериалдарды зерттеп, куәгерлерден жауап алуда.